«Атырау» Қазақстан Премьер-лигасының он екінші турында «Астанамен» кездесті. Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Матчтың 73-минутында «Астананың» жартылай қорғаушысы Жереми Манзорро қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Екі минуттан кейін Андрия Филиповтч алаң иелерін алға шығарды. Бірақ 94-минутта Станислав Басманов мергендік танытып, елордалық командаға бір ұпай алып берді.
Қазақстан Премьер-лигасы, 12-тур
«Атырау» – «Астана» – 1:1
«Атырау»: Арам Айрапетян (қ) (к) – Сослан Такулов, Николай Тарасов, Матеус Бисси, Павел Барановский, Амандық Нәбиханов – Тодор Петрович, Домантас Антанавичиус – Дмитрий Плетнев (Анатолий Катрич 70 (Асылбек Сейітқалиев 83)), Александр Соколенко (Қуаныш Қалмұратов 90+1), Андрия Филипович (Бауыржан Тұрысбек 90+1);
«Астана»: Марко Милошевич (қ) – Сағи Совет (Брайан Сильва 62), Талғат Кусяпов, Артем Рахманов, Камо Оганесян – Аслан Дарабаев, Макс Эбонг (Абат Айымбетов 81), Жереми Манзорро – Педро Эуженио (Станислав Басманов 90+2), Марин Томасов (к), Рай Влут;
Біздің серіктес: FONBET