Жарнама
Жарнама

«Астана» сырт алаңда «Ақтөбеден» басым түсті

22.06.2025, 22:29

Қазақстан Премьер-Лигасының 13-турында «Ақтөбе» өз алаңында елордалық «Астананы» қабылдады.

Жарнама
Жарнама

Кездесудің алғашқы таймы тең дәрежеде өтіп, қауіпті сәттер аз болды. Алайда екінші таймда алаң иелері белсендірек көрінді. Соған қарамастан, жеңіс голын қонақтар соқты.

84-минутта «Астана» ойыншысы Грипши пенальтиден мүлт кетпей, командасына үш ұпай сыйлады. Есеп 0:1.

Осы жеңістен кейін «Астана» 33 ұпайға ие болып, турнирлік кестеде алматылық «Қайраттан» үш ұпайға озып кетті. Ал «Ақтөбе» 26 ұпаймен төртінші орында қалды.

«Ақтөбе» — «Астана» 0:1 (0:0)

Гол: Грипши 84-минутта пенальти (0:1)

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: