Жарнама
Жарнама

«Астана» сырт алаңда «Жетісуды» сенімді түрде жеңді

02.10.2021, 21:55
Томасов қос гол соқты, «Жетісу» да қарап қалмады.
Жарнама
Жарнама

"Жетісу" Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында "Астананы" қабылдады. Матч Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өтіп, 1:3 есебімен аяқталды.

Ойынның 20-минутында Тигран Барсегянның пасынан кейін Марин Томасов есеп ашты. Ал 37-минутта Айбар Жақсылықов жауапты голды соқты. Бірақ екі минуттан кейін қорғаушылардың қателігін пайдаланған "Астана" екінші голды соқты. Бұл жолы да Марин Томасов ерекшеленді. 57-минутта Фатос Бечирай командасының үшінші голын соғып, матчтың нүктесін қойды.

Қатарынан үшінші матчта жеңіске жеткен елордалық клуб 53 ұпаймен көш басында қалды. 12 ғана ұпайы бар талдықорғандық ұжым ең соңғы орында қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров