Екінші және төртінші командалардың теке-тіресінде кім басым түседі?
«Астана» - «Тобыл» сөзсіз, осы турдың орталық ойыны!
Григорий Бабаянның шәкірттері өткенде Қызылордада ұпайдан шашау шығарып, «Қайраттан» қалып қойды. Бүгін тағы сүрінсе алматылық клубпен арадағы ұпай айырмашылығы одан бетер ұлғая түспек. Бұл елордалықтарға әрине керек емес. Жалпы, биылғы біріншілікте көпшілік бас жүлдені осы екі ұжым өзара сарапқа салады деген пікірде. Ондай болса «Астана» чемпиондық амбициясын «Тобылдай» мықтылармен аңғартып, турнирлік жағдайын түзей түсуі керек.
Ал өз кезегінде қостанайлық ұжым бүгін елордада тиімді нәтиже тіркесе, үздік үштіктің қатарынан көрініп қалуы ықтимал. Нұрбол Жәрдемұлының командасы өткен турда «Қызыл-Жардан» соңғы секундтарда жеңісті жұлып алған. Ал одан бұрын тағы бір фаворит «Қайраттан» 1:2-мен ұтылып, ұпай жоғалтты. Былтыр, қостанайлықтарды өрге сүйреген Ислам Чесноков әзірше өз ойынын тапқан жоқ. Көпшілік «Тобылдың» табысты ойынын осы футболшымен байланыстырады.
Біздің болжам - матчтың жалпы тоталы 2.5-тен аз болады. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесі осы нұсқаны таңдағандар үшін 1.75 коэффициентін тарту етеді.
Біздің серіктес: FONBET