Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының Бесінші тур ойындары өтті. Еліміздің алты қаласында өткен ойындарда барлығы 15 гол соғылды. Бұл өткен турға қараға екі есеге көп. Орталық кездесу Қарағандыда еліміздің чемпионы «Шахтер» мен Қазақстан Кубогының иегері «Арасында» арасында өрбіді. Беранек баптайтын «Астана» командасы 3:1 есебімен «Шахтерді» тізерлетті.
«Ақжайық» —
«Ертіс» 1:2 (0:1)
Голдар: Говедарица 35 (0:1), Шомко 66 (0:1), Зенькович 80- пенальтиден (1:2)
Пенальти соға алмады: Зенькович 60
Алаңнан қуылды: Котляр 77
Ескертулер: Омаров 32, Бақаев 45, Кульчий 70, Говедарица 76
«Ақжайық»: С. Покатилов, Хаиров, Хлебоун, Воротников (В. Покатилов 43), Омаров, Зотов, Коструб (Шевцов 68), Забродин, Саджо (Мальцев 72), Черны, Зенькович
«Ертіс»: Котляр, Халмуратов, Кучера, Чернышов, Шомко, Говедарица, Кульчий, Юрин (Джоджо 78), Аяғанов (Дәулетханов 90+), Ковель (Шабалин 77), Бақаев
Алғашқы төрт турда бірде-бір рет ұтылмаған оралдық «Ақжайық» бұл жолы еліміздің күміс жүлдегері павлодарлық «Ертіске» өз алаңында жол берді. Алдымен қонақтар сапынан Говедарица есеп ашты. Одан кейін 60-минутта оралдық команданың шабуылшысы Игорь Зенкович пенальти соға алмады. Артынша футболдың «сен соқпасан, саған соғады» қағидасы орын алып, Дмитрий Шомко есепті 0:2-ге жеткізді. Тек 80-минутта ғана сол Зенькович осы ойындағы екінші пенальтиін сәтті орындап есеп айырмасын қысқартты.Бірақ,одан әріге оралдықтардың есепті теңестіруге шамалары жетпеді. Осылайша павлодарлық команда маңызды үш ұпайға қол жеткізді.
«Қайрат» — «Тобыл» 4:2 (3:1)
Голдар: Сиссей 6 (1:0), Гурман 27 (2:0), Жұмасқалиев 36 (2:1), Сиссей 44 (3:1), Бугаев 55 (3:2), Недашковский 59 (4:2)
Ескертулер: Бугаев 25, Байтана 47
«Қайрат»: Рихард, Аддо, Гурман, Михалик, Кислицын, Гетериев, Дафф, Калинин (Сариев 75), Недашковский, Кнежевич (Нехтий 88), Сиссей (Шестаков 61)
«Тобыл»: Петухов, Кургулин, Джоннес, Шливич, Қуантаев, Волков, Байтана, Жолшиев (Красич 66), Салех (Куртиши 80), Жұмасқалиев, Бугаев
Көпшілікке танымал бапкер Владимир Вайсс Қазақстандағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.Орталық стадионда «Қайрат» қостанайдың «Тобылын» қабылдап 4:2 есебімен жеңіске жетті. Алматылық клуб өз ойынын енді-енді тауып келе жатқан сияқты. Бұл ойында «Қайраттың» шабуылшысы Сиссей өзінің шеберлігін тағы да паш етіп, Қазақстан чемпионатындағы осымен екінші дубльін орындады. «Қайрат» сапынан сондай-ақ Казбек Гетериевті бөле-жара айта кетуге болады. Казбек әрбір шабуылды ұйымдастырып, команданың плеймекері қызметін ойдағыдай атқарды.Қонақтар сапынан еліміздің үздік футболшыларының бір Нұрбол Жұмасқалиев өзінің әлі де шау тарта қоймағанын дәлелдеп тамаша голдың авторы атанды.
«Шахтер» —
«Астана» 1:3 (1:2)
Голдар: Нұрдәулетов 7 (0:1), Остапенко 44 (0:2), Хижниченко 45+2 (1:2), Коробкин 66
Ескертулер: Байжанов 12, Порываев 45+2, Симчевич 84 , Эрич 28, Шахметов 58, Коробкин 75, Дмитренко 87
«Шахтер»: Мокин, Симчевич, Малый, Парываев, Василевич (к), Хижниченко, Каньяс, Байжанов, Көкеев (Финонченко 69), Жанғылышбай, Вишняковс (Тәжімбетов 68)
«Астана»: Эрич, Бейсебеков, Зелао, Дмитренко, Киров, Қонысбаев (Цыгырлаш 36), Шахметов, Нұрдәулетов (Қуат 90+3), Коробкин, Кетевоама (Ивановски 85), Остапенко
Теміртауда еліміздің чемпионы «Шахтермен» Кубок иегері «Астана» кездесіп қонақтар 1:3 есебімен басым түсті. «Шахтер» өз ойынын әлі таба қоймаған сияқты. Осы ойында Қазақстан құрамасының капитаны Қайрат Нұрдаулетов соққан алғашқы гол кезіндегі Нұрбол Жұмасқалиевтің Сербия қақпасына соққан голына ұқсас болды. Сондай-ақ бұл кездесудегі гол соққан ойыншылардың барлығы дерлік Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері(Хижниченко, Нұрдаулетов, Остапенко, Коробкин).
«Ордабасы» — «Тараз» 0:0
Ескертулер: Карпович 39, Касьянов 55, Нургалиев 64 , Курто 21, Цветков 67, Головской 81
«Ордабасы»: Григоренко, Қожабаев, Мвесигва, Мұхтаров, Адырбеков, Карпович, Касьянов, Әшірбеков (Бейсенов 79), Арури, Нұрғалиев (Мальцев 72), Гуйе
«Тараз»: Цветков, Сергиенко (Нестеренко 46), Томич, Айтбаев, Шабаев, Муминов (Головской 73), Диакате, Курто, Бауыржан, Одита, Лечич (Эссомба 67)
Оңтүстіктің дербиі саналған «Ордабасы» мен «Тараз» арасындағы ойында жанкүйерлер өкінішке қарай голдарды көре алмады. Вахид Масудовтың орнына бұрыңғы бапкері Пасульконы қайта шақырған «Ордабасы» командасы осы маусымда әлі бірде-бір жеңіске қол жеткізе алмай келеді. Ал «Тараз» турнир кестесінде әзірге екінші орында келе жатыр.
«Ақтөбе» — «Жетісу» 1:1 (1:1)
Голдар: Щеткин 31 (0:1), Землянухин 34 (1:1)
Ескертулер: Тағыберген 45+2, Мулдаров 73,Мельзиддинов 16, Саломов 50
«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Мирошниченко, Землянухин (Лисенков 89), Хайруллин, Арзуманян, Тағыберген (Гридин 59), Логвиненко, Гейнрих, Бикмаев
«Жетісу»: Пасеченко, Коробов, Эргашев, Климавичус, Джалович, Скорых, Аверченко, Тотай (Сариев 73), Мельзиддинов (Азовский 44), Щеткин, Саломов (Юнузович 85)
Омари Тетрадзе жаттықтыратын талдықорғандық «Жетісу командасы әзірге жеңіс пен жеңілістің не екенін білмей келеді. Бұл жолы талдықорғандық клуб еліміздің төрт дүркін чемпионы «Ақтөбеге» қонаққа барып тағы да тең түсіп қайтты. 31-минутта Щеткинің соққан голына Антон Землянухин тез жауап қайтара алды. Алаң қожайындары одан кейін қанша шабуылдағанымен «Жетісудің» қорғанысын бұзып кете алмады.Осы кездесуде қосқанда «Жетісу» бесінші тең ойынын өткізіп отыр. Сондай-ақ бес ойында қарсыластар қақпасына бес гол соғып, өздеріне де дәл осындай доп жіберген.
«Восток» — «Атырау» 0:0
Ескертулер: Нестеренко 74, Молтусинов 90 , Родионов 27, Куцов 39, Голич 70
«Восток»: Нестеренко, Әбу Бакр, Молтусинов, Шевченко, Соболев, Мур, Санчез, Әлиев, Костюк, Тархов (Нұрлыбаев 34), Ньянг (Эрбес 83)
«Атырау»: Бойченко, Чуреев, Туторич, Куцов, Самченко, Нурыбеков (Маров 90+2), Миланкович, Голич (Пахолюк 83), Родионов , Антуан-Кюрье, Тәтішев (Пейкришвили 73)
Тағы бір қызық статистика «Атырау» командасына тиесілі. Батыстық ұжым осымен үшінші ойын қатарынан алаңнан 0:0 есебімен тарқап отыр. Сондай-ақ төрт ойында қақпаларына бірде-бір гол жіберген жоқ.Алғашқы турда «Тараздан» ойысырай ұтылғаннан кейін қорғаныстың тамаша үлгісін көрсетіп келеді. Бұл жолы Өскеменге барып «Востокпен» тең түсіп қайтты.
Бек Төлеуов