Жарнама
Жарнама

«Астана» Түркістанда сүрінді

20.04.2025, 19:25

Иә, дәл осылай!

«Тұран» - «Астана» кездесуі
Жарнама
Жарнама

Себебі, Григорий Бабаян командасының «Тұранмен» ойында жеңістен басқа нәтижесінің барлығы тек осындай тақырыпқа лайық. Барлық көрсеткіштері жағынан басым елордалықтардан көпшілік тек қана жеңісті күткен, бірақ Виталий Жуковский ҚПЛ-дегі мықты маман екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. 

«Тұран Аренадағы» ойынды алаң иелері белсенді бастады, алайда есепті қонақтар ашып кеткен. Марин Томасов 30-минутта «Астананы»  алға шығарды. Үзілістен кейін қос команданың да мүмкіндіктері болды. Ақыры, Хуршидбек Мухторов Мұхаммеджан Сейсен қорғаған қақпадан саңылау тауып, таразы басын теңестірді - 89-минут (1:1). 

5-турдан кейін елордалық команда 11 ұпаймен екінші сатыға жайғасты. Ал Виталий Жуковскийдің «Тұраны» 7 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров