Жарнама
Жарнама

«Астана» турнир кестесінде бірінші орынға шықты

30.05.2025, 19:59

Премьер-лиганың 11-туры аясында өткен кездесуде «Астана» командасы сырт алаңда «Елімай» ұжымын 2:0 есебімен жеңді.

Жарнама
Жарнама

Семей қаласының “Спартак” стадионы көп қарсыластарға ыңғайсыз стадион болса да, өткен маусымда тек “Астана” клубы ғана ірі жеңіске қол жеткізген болатын. 8 мыңдық стадион лық толғанымен, бұл жолы семейліктер тағы да кеткен есесін қайтара алмады. Бастапқы минуттарда алаң иелері сапынан Иван Свиридов бірге-бір шыққанымен, оның тепкен добы қақпадан мүлт кетті. Қонақтар да қарап қалмай, ара-гідік шабуылдар ұйымдастырды. Дәл соққылар аз болғанымен, есеп бірінші таймда ашылды. 32-минуттағы бұрыштама “Елімай” ойыншылары дайын болмады. Айып алаңындағы қарбаласты Рамазан Кәрімов тиімді пайдаланып, қонақтарды алға шығарды. 

Екінші таймда да семейліктер Усман Камараның қақпашымен жеке дара қалуына мүмкіндік беріп қойды. Есеп: 0:2. “Елімай” тараз басын теңестіруге ұмтылғанымен, дәл соққылар жетіспеді. Олар 90 минутта небәрі 1 ғана тура соққы жасай алды. Керісінше елордалықтардың қарымта шабуылы есепті одан әрі еселей түсе жаздады. 

Бұл жеңістің арқасында «Астана» 27 ұпай жинап, турнирлік кестенің бірінші сатысына көтерілді. Ал «Елімай» 17 ұпаймен бесінші орында тұр.


«Елімай» — «Астана» 0:2 (0:1)
Голдар: Кәрімов, 32 минут (0:1), Камара, 54 минут (0:2)

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: