Жарнама
Жарнама

“Астана” ұтылды, Қазақ футболы ұтты….

26.10.2025, 20:35

Белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов әлеуметтік желідегі парақшасында ел чемпионатының шешуші ойынына байланысты пікір білдірді. 

Жарнама
Жарнама

Мұрат Әбенов өз жазбасында журналист Михаил Козачковтың пікірін толық қолдап, Астаналық клубтың жылдар бойы шетелдік ойыншыларға сүйеніп келе жатқанын сынға алды.

"Мен елорда тұрғыны болсам да “Астананың” жеңілісіне қуандым. Себебі бұл командада өз еліміздің футболшыларына сенім жоқтың қасы. Негізгі құрамда тек бір ғана Қазақстандық – ол да ардагер Дмитрий Шомко. Қалғаны түгел легионер. Неге біздің ортақ ақшамыз — “Самұрық-Қазына” қоры арқылы шетелдіктерге жұмсалуы керек? Президент Тоқаевтың мемлекеттік қолдауды өз футболшыларға бағыттау жөніндегі тапсырмасы қайда қалды?"– деп жазды ол.

Әбенов сонымен қатар Спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен ҚФФ президенті Марат Омаровтан осы жағдайға назар аударуды сұрады.

Ал Михаил Козачковтың пікіріне келсек: 

Журналист Михаил Козачков өз жазбасында ел чемпионы атанған “Қайраттың” табысын Қазақ футболының жеңісі деп бағалады.

“Алматылық "Қайрат" қатарынан екінші рет ел чемпионы атанды. Бұл — клуб тарихындағы бар болғаны бесінші чемпиондық. Ал шешуші ойында "Астанамен" 1:1 есебі тіркелсе де, бұл нәтижеде жеңіске жеткен — отандық футболдың өзі.” – деп жазды ол.

Козачковтың айтуынша, "Қайраттың” басты ерекшелігі – өз шәкірттеріне сенім артуында. Мысалы, жас шабуылшы Дастан Сәтпаев маусым бойы 25 нәтижелі әрекет жасап, ел назарын өзіне аударды. Қақпашы Темірлан Анарбеков болса, Чемпиондар лигасының іріктеуінде үш пенальти қайтарып, команданы алға сүйреді.

Ал "Астанада” керісінше жағдай: негізгі құрам түгелге жуық легионерлерден құралған, ал ойындарда жиі күмәнді нәтижелер тіркелген.

“Ең сорақысы — осының бәрі халықтың ақшасына жасалып отыр. "Астананың” шетелдік ойыншыларына жалақы мен сыйақы “Самұрық-Қазынадан” қаржыландырылатын Sport Qory арқылы төленеді. Бұл кезде қаражаттың қалай жұмсалып жатқаны күмән туғызады.” – деп қосқан Козачков.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров