Солтүстік Америка құрлығында (АҚШ, Канада, Мексика) өтіп жатқан 2026 жылғы Әлем чемпионаты қаржылық және экономикалық көрсеткіштер бойынша футбол тарихын қайта жазып, бұрын-соңды болмаған жаһандық рекорд орнатты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, осы Мундиальдан түскен табыс пен демеушілік қаражаттардың көлемі Қатар-2022 Әлем чемпионатының көрсеткіштерін шаң қаптырып кеткен. Америкалық алпауыт нарық футболды нағыз миллиардтар айналатын алтын ұяға айналдырды.
2026 жылғы Әлем чемпионатының маркетинг пен телекөрсетілім құқықтарынан тапқан табысы Қатармен салыстырғанда орасан зор деңгейде өскен. Нақты сандар мен пайыздық көрсеткіштер мынадай:
– Маркетингтік табыс: Қатарда бұл көрсеткіш 1.6 миллиард еуроны құраса, 2026 жылғы Мундиальда тура 2.6 миллиард еуроға жетті (өсім +62.5%).
– Телевизиялық хабар тарату құқығы: Қатар-2022-де телекөрсетілімнен 3.2 миллиард еуро түссе, Солтүстік Америкада бұл сома 4.1 миллиард еуроға дейін шарықтауда (өсім +28.1%).
Әлем чемпионатынан түскен жалпы орасан зор табыстан арнайы 2.4 миллиард еуро шамасындағы инвестициялық қор құрылады. Бұл алып қаржы дүниежүзіндегі футбол ұйымдары мен клубтарға төмендегідей схема бойынша қайта үлестірілетін болады:
– Клубтарға тарихи сыйақы: Әлем чемпионатына қатысып жатқан ұлттық құрамаларға өз футболшыларын жіберген әлемнің түкпір-түкпіріндегі клубтарға өтемақы ретінде рекордтық 290 миллион еуро (355 миллион доллар) бөлінеді. Бұл клубтар қатарында Қазақстандық “Астана” да бар. (Иван Башич – Босния және Герцеговина)
Бұл сыйақы қоры Қатардағы Мундиальмен салыстырғанда тура 70 пайызға жоғары. Ең басты сенсация — футбол тарихында тұңғыш рет тек Әлем чемпионатының негізгі кезеңіне ғана емес, тіпті іріктеу кезеңінің ойындарына өз футболшыларын қосқан кішігірім клубтар да бұл қаржыдан үлес алатын болады.
Биылғы жылы тұңғыш рет 48 команданың қатысуымен өтіп жатқан Әлем чемпионаты қатысушы елдердің де қалтасын қалыңдатпақ.
Турнир жолдамасын жеңіп алған 48 мемлекеттің футбол федерацияларына жүлде қоры және дайындық шығындарын өтеу үшін жалпы есеппен 760 миллион еуро (727 миллион доллар) бөлініп беріледі.
Бұл қаржылық рекордар сериясы 2026 жылғы Әлем чемпионатының тек спорттық жағынан ғана емес, сонымен қатар бизнес пен экономикалық тиімділік тұрғысынан да жер шарындағы ең алып жоба екенін ресми түрде дәлелдеп отыр.
Біздің серіктес: FONBET