kazakh_football_inside телеграм-арнасының мәліметіне сай, «Астана» футболшылары ертеңгі премьер-лига ойынына шықпайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Біздегі ақпарат бойынша, команда ертеңгі ойынға шықпайды деп таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.
Клубта болып жатқан қаржылық мәселелер өз шешімін жақын арада табады. Сол себепті “Астана” клубы жабылуы мүмкін деп таралған ақпараттар шындыққа жанаспайды», - делінген телеграм-арнасының мәлімдемесінде.
Ситуацияға жақын журналист Қазбек Тайлановтың айтуынша, елордалық ұжым ішіндегі микроклимат та қалыпты. Команда әдеттегідей жаттығу жүргізуде. «Астана» 9-тур аясында ертең сырт алаңда «Ұлытаумен» шеберлік байқасады. Турнирлік кестеде Григорий Бабаянның командасы үздік үштікті түйіндеуде. Ал жезқазғандық ұжым соңғы орында.
Біздің серіктес: FONBET