Жарнама
Жарнама

«Астана» жаңа бапкер тағайындамауы мүмкін

05.09.2020, 18:06
«Таразбен» тең ойнаған Эшуорт команданы алға сүйреуі екіталай.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, ағылшын маманы Пол Эшуорт «Астананың» бас бапкері қызметінде қалуды жоспарлап отыр.

Елордалық клубтың атқарушы директоры уақытша команданың жаттықтырушысы болып жұмыс істеп келеді және бір ресми ойын да өткізіп үлгерді. Оның басшылығымен "Астана" "Таразды" жеңе алмады - 1:1.

Команданың жаттықтырушы қызметіне негізгі үміткер - "Оқжетпесте" жұмыс істейтін Андрей Карпович, ол тіпті келіссөздер жүргізу үшін Нұр-Сұлтанға ұшып келді. Алайда, кейбір "Астана" басшылары Пол Эшуорттың кандидатурасын қолдайды. Карповичтің бас бапкер қызметіне тағайындалуының кешеуілдеуі дәл осыған байланысты.

Жаттықтырушы ретінде Эшуорт "Питерборо" (Англия), "Вентспилс", "Рига", "Сконто" (барлығы - Латвия), "Ростов" (Ресей) және "Саншайн Старс" (Нигерия) клубтарымен жұмыс істеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров