Украиналық бапкер Юрий Вернидубқа екі клубтан ұсыныс түсті. Өткен аптада маман "Шахтер" клубынан кеткен болатын.
Беларуссия чемпионатының көшбасшысы "Шахтер Солигорск" команданы тағы да чемпиондыққа жетелеу үшін "Астананың" экс-жаттықтырушысы Роман Григорчукті шақырды.
«Татур» телеграм арнасының хабарлауынша, қазіргі уақытта Вернидуб қазақстандық «Астана» мен украиналық «Рух» арасында таңдау жасауда.
Ресми нұсқаға сәйкес, Вернидуб отбасылық жағдайларға байланысты «Шахтердан» өз еркімен кеткен еді. Тағы бір себеп - клубтың спорттық директоры Александр Рехвиашвилимен болған жеке жанжал.
Естеріңізге сала кетейік, "Астананың" бас бапкері Михал Билек кеткеннен кейін оның міндетін команданың бас атқарушы директоры Пол Эшуорт атқаруда.
Біздің серіктес: FONBET