Жарнама
Жарнама

«Астана-Жас» командасының алты футболшысы «Астана-М» сапына қосылды

23.06.2020, 06:35
«Астана-Жас» командасының Бірінші Лига клубтары арасындағы ҚР Біріншілігіне қатыспайтынына байланысты, команданың алты ойыншысы екінші лига командасының құрамына қосылды.
Жарнама
Жарнама

Жаңа маусымда «Астана-М» намысын төмендегі ойыншылар қорғайды: қорғаушылар: Самат Мажит (2000 ж), Әлім Қайырлы (2000), Санжар Шураханов (2001), Рахат Маратов (2001), Бауыржан Ахаев (2001), жартылай қорғаушы Мейрамбек Қалмырза (2002). Барлығы да футбол орталығының тәрбиеленушілері.

Сондай-ақ «Астана-Жас» командасының екі ойыншысы, жартылай қорғаушы Мәди Жақыпбаев пен шабуылшы Станислав Басманов негізгі құраммен бірге маусымға дайындалуда.

Команда сапында маусымға дайындалған басқа футболшылар қажетті ойын тәжірибесін иелену үшін Бірінші және Екінші Лига клубтарына жалға беріліп, одан соң елорда командасы құрамына қайта оралатын болады.

Тек 17 жастағы қақпашы Станислав Курян ғана футбол орталығына ауысып, сол жақта дайындығын жалғастырады.

Клуб футболшыларды сақтап қалу үшін қолдан келгеннің барлығын жасап, бірқатар ойыншыларды маусым соңына дейін басқа клубтарға жалға берді.

Клуб өз футболшыларын бағалайды, сондықтан бұл қиын жағдайдан өзі үшін де, ойыншылар үшін де аз шығынмен шығуға тырысты.

Клуб Бірінші Лиганың футболшылары мен маусым басында жалға кеткен жас ойыншылардың (Прокопенко «Ақтөбе», Каримов, Сагнаев (екеуі де– «Каспий», Қайыркенов, Скворцов (екеуі де – «Атырау») барлығы негізгі құрамда бәсекелестік жасай алатын мықты, әрі қабілетті ойыншылар болып оралатынына сенім білдіреді.

Айта кетейік, «Астана-М» командасы толықтай футбол орталығының тәрбиеленушілерінен жасақталған. Клубтың футбол орталығында 10-18 жас аралығындағы 350-ден астам ұл мен қыз тегін тәлім алады.

Фк "Астана"

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров