"Астана" футбол клубы мемлекет меншігінен жеке қолға өтуге дайындалуда, деп хабарлайды Aladop.kz.
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет брифингінде клубты коммерцияландыру мәселесі бойынша маңызды ақпаратпен бөлісті.
Жаңа инвестор дайын
Министрдің айтуынша, еліміздің ең табысты клубтарының біріне қызығушылық танытып отырған кәсіпкерлер бар. Дегенмен, заңды рәсімдер толық аяқталмайынша, жаңа қожайынның кім екені құпия сақталмақ.
"Біз бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатырмыз, қазірдің өзінде нақты инвестор бар. Тиісті процедуралар аяқталғанша оның атын атай алмаймын, бірақ келіссөздер жүріп жатыр.” — деді министр.
Осы уақытқа дейін "Астана” футбол клубы "Sport Qory” бірыңғай спорт операторы арқылы қаржыландырылып келген болатын. Клубты жеке инвесторға беру — мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты азайтып, клубтың коммерциялық әлеуетін арттыруды көздейді.
Ербол Мырзабосынов бұл үдерістің тек елордалық клубпен шектелмейтінін атап өтті.
Бүгінгі таңда:
• 5 клуб жеке инвесторлардың басқаруына беріліп қойды
• Қалған 7 клуб бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде
Бұл қадам отандық футбол клубтарының өзін-өзі ақтауына және кәсіби менеджменттің дамуына жол ашпақ.
Біздің серіктес: FONBET