Ннамди Аханону - “Қызылжар” футбол клубының жаңа ойыншысы атанды.
Нигерия елінің шабуылшысы елордалық “Астанадағы” бәсекелестікке шыдас бермеді. Қазақстанның маңдай алды ұжымы бұл футболшыны қыс мезгілінде жалға беріп құтылғысы келген. Бірақта ойыншының алатын жоғары жалақысы бұған кедергі келтірді. Осыдан кейін қалтасы көпті көтермейтін ұжымдар бірінен соң бірі ойынан айнып, Аханонуды қатарға қосудан бас тартты.
Көктем айында Ннамди көкшетаулық “Оқжетпестен” бір-ақ шығуы ғажап емес еді. Алайда трансфер белгісіз бір себептермен аяқсыз қалды.
Енді міне “Қызылжар” командасы “Скендербеудің” кезінде үздігі ойыншысы атанған Аханонумен келісімге келді.
Біздің серіктес: FONBET