Жарнама
Жарнама

Астанада балалар футбол орталығы ашылады

12.04.2015, 02:29
Жарнама
Жарнама
Астанада 1 мамырдан бастап балалар футбол орталығы өз жұмысын бастайды. «Астана қаласының Футбол федерациясы» ЗТБ хабарлауынша, жаттығулар қаладағы ең мықты жабылған кәсіби алаңда – «Жас-Батыр» спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. «Жас Батыр» спорт кешенінің инфрақұрылымы жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы етіп жасалған. Нақтырақ айтқанда, кешеннің киім ауыстыру орындары кең, душ кабиналары да бар. Сонымен қатар, Орталықтың барлық мүлкі балалар үшін қауіпсіз. Орталықта балалар мен жасөспірімдерді жаттықтыру санаттарына ие кәсіби бапкерлер жұмыс істейді. Мұнда балалар футболды мектептегі пән ретінде оқиды. Сондай-ақ басқа да сабақтар өтеді (жеке футбол әдістері техникасы, тактикалық қарым-қатынас), әр түрлі физикалық қасиеттерді дұрыс дамытуға көмектесіп, жас футболшыларды тәрбиелеп, әлеуметтендіреді. Болашақта балалар жаттығу барысында үйренген дағдыларының бәрін қалалық және республикалық жарыстарда іс жүзінде қолдана алады. Жаттығу процесі жазғы демалыс кезінде де тоқтатылмайды. Жазда ашық алаңда өтетін жаттығулар балалардың ағзасына оң әсерін тигізеді, ал командалық ойын тіл табысу дағдыларын дамытуға сеп болады. Футбол орталығына 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Спортпен айналысуға медициналық қарсы көрсеткіштері жоқ балалар алдын-ала тексерусіз алынады. Бір айлық оқу бағасы – 15 000 теңге. Үш айлық ақы төленсе – 12 000 теңге.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров