Жарнама
Жарнама

Астанада Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен отандық футбол комментаторлары мен журналистердің қатысуымен конференция өтті

Іс-шараға ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, QFL президенті Ғани Қайназаров қатысты.

Жарнама
Жарнама

Күн тәртібінде қазақ комментаторларының кәсіподағын
құру, комментаторлық деңгейін көтеру және қазақ футболының комментаторлық мәселелері талқыланды.  

Қазақ комментаторларының алды саналатын Шалқар Естен, Есей Жеңісұлы, Ержан Көшкінбаев сөз сөйледі. Белгілі журналист Қайнар Олжай спорт журналистикасының проблемаларына тоқталып өтті.

ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов өз сөзінде спорт журналистикасы мен футболдың біте қайнасып жатқанын атап өтті:

– Қазақстан футбол федерациясы Халықаралық тәуелсіз ұйым бола тұра қазақ спорт журналистикасынан еш ажыраған емес. Бұл екі сала бір-бірін сүйемелдеп толықтырып отырады. Футболымыздың деңгейін спорт журналистикасының деңгейіне қарап бағалауға болады.

Қазақ журналистикасы кейінгі уақытта қарыштап дамып келеді. Жанкүйер мен көрерменнің назары ел футболына ауып келе жатыр. Мұның бәрі қазақ спорт журналистикасының едәуір өсуінің белгісі, - деді Әділет Барменқұлов.

Комментаторлардың жұмысын бағалау мақсатында «Жылдың үздік футбол комментатор» жүлдесін табыстау шешімі қабылданды. Қазақстан футбол федерациясының комиссиясы жыл соңында үздік үш комментаторды таңдайды. Бірінші орынға 2 миллион теңге, екінші орынға 1 миллион теңге және 3 орынға 500 мың теңге жүлде қоры тағайындалды.

Іс-шара соңында қатысушылар қазақ комментаторларының кәсіподағын құрудың маңызын атап өтті. Қазақстан футбол федерациясы алдағы уақытта спорт комментаторлары мен журналистері конференциясын тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: