"Астана" клубының шабуылшысы Усман Камараның агенті Лино Грумиро ойыншыға деген шетелдік клубтардың қызығушылығы туралы пікір білдірді.
Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында Грумиро Камараның клубпен келісімшарты аяқталуға жақын екеніе айтты, бұл "Астана” үшін ойыншыны сату бойынша соңғы мүмкіндік болуы мүмкін. Агент шетелдік клубтардың қызығушылығын мұқият бақылап отыр.
Қазіргі уақытта Түркия, Ресей және Парсы шығанағы елдерінің клубтарынан ұсыныстар түскен, бірақ агенттің айтуынша, трансфер тек спорттық және қаржылық шарттар екі жаққа да қолайлы болған жағдайда жүзеге асады.
Еске салсақ, Усман Камара 2024 жылы Тбилисидің "Динамо" клубынан "Астанаға” ауысып келген. Сол уақыттан бері ол елордалық клубтың жейдесімен 71 матч өткізіп, 17 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді. Футболшының "Астанамен” келісімшарты 2026 жылдың желтоқсанына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET