Тимур Турлов “Астананы” сатып алады деген қауесетке нүкте қойды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Соңғы уақытта отандық футбол сүйер қауым арасында “Миллиардер Тимур Турлов елордалық “Астана” клубын өз иелігіне алуы мүмкін” деген ақпарат желдей ескен болатын. Алайда, “Шахтердың” қожайыны бұл қауесетті ресми түрде жоққа шығарды.
Тимур Турловтың айтуынша, оның командасы елордалық клубты сатып алу туралы мәселені ешқашан қарастырмаған. Кәсіпкер футбол клубтарын жекешелендіру трендке айналмай тұрып-ақ, Қарағандыда футбол академиясын салуды жоспарлап қойғанын айтты.
“Шындығында, мен мұндай мүмкіндікті тіпті ойлаған да жоқпын. Біз Қарағандыда академия салуды шешкен кезде футбол клубтарын жекешелендіру туралы әңгіме де жоқ еді. Сондықтан біз үшін басқа балама болмады.” — деді Турлов baq.kz сайтына берген сұхбатында.
Миллиардер клубты иелену процесі академия толық аяқталып, іске қосылғаннан кейін ғана жүзеге асады деп ойлаған. Алайда, жағдай өзгеріп, “Шахтер” тізгінін қолға алу сәті жоспарлағаннан ертерек туындаған.
Сұхбат барысында Турловқа “Елордалық клубты сатып алу идеясы мүлдем болмады ма?” деген тікелей сұрақ қойылды. Бірақ ол үшін басты назар — дайын клубты сатып алу емес, инфрақұрылым мен жас таланттарды тәрбиелейтін база қалыптастыру екенін айтты.
Біздің серіктес: FONBET