Жарнама
Жарнама

“Астанадан” кететеін келесі легионердің есімі белгілі болды

Бүгін, 18:46

Елордалық "Астананың" Босниялық жартылай қорғаушысы Иван Башич жуырда командадан кеткен өзге легионерлер сияқты шетелдік клубтардың назарына ілігуі мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Сарапшылардың пікірінше, Башич қазіргі таңда скауттар үшін ең тартымды ойыншылардың бірі болып отыр.

Неліктен Башишке сұраныс жоғары?

Eurasia Football порталының хабарлауынша, 23 жастағы футболшының трансферлік құны алдағы уақытта арта түспек. Оның бойындағы басты артықшылықтар ретінде мыналарды атап өтуге болады:

– Жасы мен тәжірибесі: Небәрі 23 жаста болса да, Босния және Герцегвина ұлттық құрамасының сапында 13 ойын өткізіп үлгерген.

– Қысқа мерзімдегі жетістігі: "Астана" сапына қосылғанына небәрі жарты жыл болса да, ол команданың ойын өрнегін айқындайтын негізгі тұлғалардың біріне айналды.

– Әлеуеті: Мамандардың пайымдауынша, Башичтің деңгейі кез келген Еуропалық ортанқол клубты күшейтуге толық жетеді.

"Кез келген сәтте өзге клубтардан тиімді ұсыныс түсуі мүмкін. Башич — скауттар үшін өте қызықты нысана.” — деп жазды портал.

Иван Башич кәсіби жолын "Зриньски Мостар” клубында бастап, 2022 жылы Ресейлік "Оренбургке” ауысқан. Ал 2025 жылы "Астанамен” келісімшартқа отырған. Хорватияда дүниеге келгенімен, халықаралық деңгейде Босния және Герцегвина намысын қорғайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров