Жарнама
Жарнама

«Астанадан» кеткен қазақстандық қақпашыға ҚПЛ клубы қызығушылық танытуда

30.12.2021, 01:41
Ол бұған дейін де қостанайлық клубта ойнаған.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Астана» қақпашысы Дмитрий Непогодов «Тобылға» қайта оралуы мүмкін.

33 жастағы қақпашыны қостанайлық клубтың басшылығы Александр Мокиннің орнын басатын қақпашы ретінде қарастырады. Егор Цуприков командадан кеткеннен кейін «Тобыл» қосалқы қақпашысыз қалды. Мұхамеджан Сейсен басты нұсқа саналғанымен, ол «Таразбен» келісім-шартын ұзартты.

Непогодовтың кандидатурасы кездейсоқ пайда болған жоқ. Ол «Астанаға» ауысқанға дейін қостанайлық клубта ойнаған, ал «Тобыл» қақпашының мүмкіндіктерін жақсы біледі. Непогодовтың елордалық командамен үш жылдық келісім-шарты аяқталды, сондықтан ел чемпионы оны еркін агент ретінде қатарға қоса алады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров