Жарнама
Жарнама

Астанадан Шымкентке – ҚПЛ-дің ең қымбат ойыншыларының бірінің жаңа клубы белгілі болды

Бүгін, 10:48

Усман Камара "Ордабасыға" қосылуға жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Дядя Ваня телеграм арнасының хабарлауынша, Африкалық легионер мен шымкенттік ұжым арасындағы келіссөздер оң нәтиже беруге жақын. Тараптардың өзара тіл табысып, келісімшартқа отыру мүмкіндігі өте жоғары деп бағалануда.

Усман Камара 2025 жылдың желтоқсан айының соңында "Астана” клубымен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған болатын. Негізінде, оның елордалық клубпен келісімі алдағы маусымның соңына дейін жарамды еді.

Футболшының трансферлік құны 1 миллион еуроны құрайды.

Камара қазіргі таңда Қазақстан Премьер лигасындағы ең жоғары бағаланатын төрт футболшының қатарына кіреді. Оның алдында Дастан Сәтпаев, Иван Башич және Пабло Альварестер тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров