Топ-5 лигаларда ойнаған хорватиялық жартылай қорғаушы Ален Халилович «Астана» жейдесін киюі мүмкін болған.
Футболшының агенттері елордалықтарға ұсыныспен шыққан ұқсайды. Бұл туралы «Legalbet» мәлімдеді.
Ален Халилович «Динамо» Загреб түлегі. Еуропаның басты талантына баланған футболшы ЧЛ-да 16 жасында дебют жасаған (ПСЖ-ға қарсы ойында). Содан кейін «Барселонаның» жүйесінде болды. Одан бөлек 29 жастағы футболшының мансабында «Милан», «Херенвен», «Стандард», сияқты командалар болған. А. Халиловичтің соңғы клубы – «Фортуна» Ситтард командасы. Жартылай қорғаушы маусымның басында жарақат алып, біраз уақыт өнер көрсете алмаған болатын, бірақ соңғы екі турда қатарға оралып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсіп үлгерді. Клубқа жақын дереккөздің мәлімдеуінше, «Астана» хорватиялық футболшымен келіссөз жүргізбеген. Елордалық клуб әзірге шетелдік футболшылармен ешқандай байланыста емес.
Біздің серіктес: FONBET