"Астанаға" қарсы матчқа "Атлетиконың" бірнеше жетекші футболшылары қатыспайды
02.11.2015, 22:49
Жарнама
Жарнама
Чемпиондар Лигасындағы "Астанамен" болатын ойында Диего Симоне негізгі құрамның бірнеше футболшыларына демалыс беретініне испаниялық Mundo Departivo басылымы сенімді.
Испандықтардың хабаралуынша алғашқы минуттарынан алаңға команда капитаны Габи, Тьягу Мендеш шықпайды.
Сонымен қатар, Оливер Торрес шабуылшы Янник Каррасконың орнына шығу мүмкін. Торреске "Атлетико" сапындағы 100-ші голын соғуға мүмкіндік беріп, Симоне 31 жасар футболшыны бірінші минуттан алаңға шығарады. Қорғанысқа Савич пен Сикейра шығады деп күтілуде. Екі ойыншы да Испан Премьерасында бір-бірден алаңға шыққан еді.