Елордалық "Астана" командасына трансфер жасауға тыйым салынды. Енді командадан ұпай алып тастауы мүмкін, деп жазады "Тень отца Гурмана" телеграмм арнасы.
"Астана" клубтың бұрынғы футболшысы, Венгрия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслерге толық жалақысын төлемеген. Сол үшін де командаға трансферлік тыйым салынды.
Футболшының агенті Георгий Карпачан ФИФА-ның бұл шешімінің күшіне енгеніне куә болу үшін өзі арнайы Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген. Ал шешім бүгін, яғни 15 шілдеден бастап күшіне енеді.
27 жастағы Кляйнхайслер "Астана сапында 2017-2018 жылдары ойнады. Содан соң хорватиялық "Осиек" командасына ауысып кетті.
Біздің серіктес: FONBET