Ең атақты Қазақстан футболшыларының бірі Андрей Карпович жаңа командаға көшуді жоспарламайды. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы өзінің мансабының «Астанада» жалғастырылуына үміттенеді. Ол туралы футболшы өзінің БАӘ-де өткен демалысы кезінде «Караван» корреспондентіне айтып берді:
- Иә, өткен жыл «Астана» үшін онша сәтті болған жоқ, - деді мәскеулік «Динамоны» бұрынғы ойыншысы. – Біз жүлделі үштікте орын ала алған жоқпыз, алайда, менің ойымша, біз бұл жағдайды келесі жылы дұрыстаймыз.
- «Астана» саған несімен ұнайды?
- Біріншіден, мен мансабымдағы тұрақтылықты қалаймын. Әр жыл сайын командадан командаға көшкім келмейді. Астанада маған барлығы ұнайды – тамаша стадион, әдемі қала, көп достарды тауып алдым. Егер клуб менің қызметімде мұқтаж болмаса, онда жаңа клуб іздеуге мәжбүр боламын. Алайда өз болашағымды мен «Астанамен» байланыстырамын.
Автор: Аскат Жакаев. |