Қазақстан футболы тарихындағы ең табысты бапкер, елордалық "Астананы" Еурокубоктердің тұрақты қатысушысына айналдырған Станимир Стоилов жанкүйерлердің жүрегін елжіреткен мойындау жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазіргі таңда түріктің “Гезтепе” клубын жаттықтырып жүрген маман Қазақстанға қайта оралу мүмкіндігі туралы ашық айтты.
Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Болгариялық бапкер өзінің Қазақстандағы өткен күндерін әлі де сағынышпен еске алатынын жасырмады. Оның айтуынша, елордалық ұжым оның өмірінде ерекше орын алады.
“Өмірде не болатынын ешқашан алдын ала біле алмайсың. Бірақ менің “Астана” атты командам бар — ол менің жүрегімде мәңгілікке қалады.” — деді Стоилов мырза.
Біздің серіктес: FONBET