Жарнама
Жарнама

«Астананы» кім жаттықтыруы мүмкін?

03.09.2020, 14:53
Елордалық команда тізгінді қазақстандық маманға ұстатпақ.
Жарнама
Жарнама

Қазақстандық маман Андрей Карпович "Астанамен" белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта "Оқжетпестің" бас бапкері Нұр-Сұлтанда жүр. Жақын арада, егер екі тарап келіссе, «Астана» Карповичпен келісімшартқа қол қойғаны туралы ресми түрде хабарлайды.

Клуб басшылығы қазақстандыққа басымдық беруге дайын, дегенмен украиналық Юрий Вернибуд пен беларуссиялық Игорь Криушенко секілді нұсқалар бар.

Карпович өткен жылдан бастап Көкшетаудың «Оқжетпесін» жаттықтырып келеді. Өткен маусымда команда онымен бірге жетінші орынға ие болды. Биыл ол ҚПЛ-да бір рет жеңіске жетті және бір мәрте тең ойын өткізді. Сондай-ақ, бес рет жеңілді.

Карпович футболшы ретінде Қазақстан құрамасында ойнады, сонымен қатар «Қайрат», «Астана», «Ертіс», «Ақтөбе», Ресейдің «Ростов» және «Динамо» (Мәскеу) клубтарында доп тепкен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров