«Vesti.kz» порталы Қазақстан атынан ЧЛ топтық кезеңіне шыққан қос клуб – «Астана» мен «Қайраттың» жетістігіне тоқталып, қайсысының табысы қомақтырақ екенін бағамдап көріпті.
Елордалық клуб 10 жыл бұрын ЧЛ іріктеуінде алғаш рет бақ сынаған болатын. Бірақ, соған қарамастан Станимир Стойловтың командасы топтық кезеңге шықты. «Астана» бұл жолда аты дүркіреп тұрған «Марибор», «ХИК» пен «АПОЭЛДІ» қапы қалдырған – словениялық команда елордалықтардан ұтылардан бір жыл бұрын ЧЛ-ның топтық кезеңінде абыройлы өнер көрсетіп шыққан еді. «Марибор» топта «Шальке», «Спортинг» және «Челсимен» ұпай бөлісті 1:1. «АПОЭЛ» де ЧЛ топтық кезеңінде тәуір өнер көрсетсе, «ХИК» ЕЛ топтық кезеңінде 6 ұпай еншілеген. Көріп отырғандарыңыздай, елордалық клуб тарихында тұңғыш рет ЧЛ квалификациясына шыға отырып, осындай азулы қарсыластарынан басым болды.
Одан кейін «Астана» іріктеудің 6 кездесуінде тоғыз гол ұрған (бір матчта 1,5 гол), «Қайратта» (бір мачта 0,85). Портал тағы елордалық клубтың мәселені негізгі уақытта шешіп отырғанын тілге тиек етеді. Ал алматылықтар болса екі кездесуде пенальтилер сериясына дейін жеткізген.
«Қайраттың» басты артықшылығының бірі – олар іріктеуді 1-кезеңнен бастады. «Астана» екінші кезеңнен кіріскен. Қарсыластары да оңай болған жоқ – «Олимпия» былтыр КЛ-да плей-оффқа шықса, «Слован» мен «Селтик» ЧЛ-ның негізгі кезеңінде өнер көрсетті. «Селтик» тіпті плей-офқа дейін барған. «Қайрат» іріктеуде өзінің алаңында мүлде гол жібермген, ал «Астана» бұл жағынан мақтана алмайды.
«Қайраттың» таразысын аударатын тағы маңызды дүние – жетістікке отандық бапкермен жеткенінде. Рафаэль Уразбахтин қазақтың және ең бастысы «Қайраттың» қазанында қайнап, шыныққан маман. Одан кейін әрине, «Қайрат» сапында әр ойында бірнеше түлегі өнер көрсеткенін де айта кету керек. Бірақ, бұл жерде бөліп-жаратын емес. Қос клубымыздың да жетістігі бізге өзінше қадірлі, қымбат.
Біздің серіктес: FONBET