Жарнама
Жарнама

«Астананың» 20-жастағы футболшысы Испания чемпионатына ауысуға жақын

31.03.2025, 11:50

Спорт журналисі, танымал инсайдер Қазбек Тайлановтың мәліметіне сай, «Астана» футбол командасының түлегі Нұралы Жақсылық «Лас-Пальмас» клубына ауысуға жақын.

Нұралы Жақсылық
Жарнама
Жарнама

Испаниялық ұжым қазір қазақстандық футболшыны қатарына қосу үшін келіссөздер жүргізуде. 

«Біздің ақпарат бойынша “Астана” клубының түлегі Нұралы Жақсылық мансабын Испания чемпионатында жалғастыруы мүмкін. Исаниялық “Лас-Пальмас” клубы 20-жастағы жартылай қорғаушыны өз қатарында көруді жоспарлауда»,- делінген kazakh_football_inside телеграмм-арнасының хабарламасында. 

20-жастағы жартылай қорғаушы елордалық клуб сапында ҚПЛ-2025-те үш ойында өнер көрсетті. Футболшының нарықтық бағасы 100 мың еуро. 

Ал «Лас-Пальмас» Испания Примерасында 27 турдан кейін 19-орында келеді. Бүгін Мартинестің командасы сырт алаңда «Сельтамен» шеберлік байқасады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
ЛеванГОЛски