Жарнама
Жарнама

«Астананың» алты футболшысы командадан кетеді

13.12.2021, 03:52
Барлығының келісім-шарттары аяқталды.
Жарнама
Жарнама

KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, «Астана» негізгі құрамның тағы алты ойыншысымен қоштасады.

Педро Эуженио, Валерий Чуперка, Энео Битри, Лука Шимунович және Энрике Лопес клубтан кетеді. Елордалық клуб келісім-шарты жыл соңында аяқталатын Қазақстан құрамасының қақпашысы Дмитрий Непогодовты да шығарып салмақ.

Айта кетейік, португалиялық Педро Эуженио мен албаниялық Энео Битри «Астанаға» биыл юазда қосылып, елордалық клуб сапында бірнеше ай ғана өнер көрсетті.

Осылайша, «Астанадағы» легионер ойыншылардың саны күрт азайды. Қазіргі уақытта елордалық клубта тек төрт легионер қалды: Марин Томасов (Хорватия), Жарко Томашевич, Фатос Бечирай (екеуі де Черногория) және Макс Эбонг (Беларусь).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров