Жарнама
Жарнама

"Астананың" бас директоры: Төрешілер 5 ұпайдан айырмаса, бірінші орында тұрар едік

14.05.2024, 05:19

"Астана" ФК бас директоры Ғазинұр Әлімов  елордалық команданың маусым басындағы сүреңсіз ойынына басты себептерді атап өтті

Ғазинұр Әлімов "Астана" ФК бас директоры
Жарнама
Жарнама

Футбол менеджерінің айтуынша "Астанаға" өзінің алаңы мен жанкүйерлерінің қолдауы жетіспейді. Сондай-ақ, футболшылардың алдындағы қарыздар мен қазылар төрелігіндегі әділетсіздік туралы да тілге тиек етті. 

"Мұнда бірнеше себеп бар. Оның ең бастысы - 2023 жылдан созылып келе жатқан қарыздар. Бұл бізге дейін туындаған мәселе болғанымен, команда алдындағы берешегімізді қайтару қазір басты міндет. Екінші мәселе -"Астана Аренаның" болмауы. Клуб тарихында тұңғыш рет "Астана" барлық матчтарын сыртта, жанкүйерлерінсіз өткізуге мәжбүр. Кез-келген басқа чемпионаттардағы жүлделі орындарға таласатын командалар 60-70 пайыз ұпайын өз алаңында жинайды. Ал бізде ондай мүмкіндік жоқ, бұл өте қиын. Одан кейінгі маңызды себеп - төрешілердің қателігі. Бізді кемінде бес ұпайдан айырды. Егер соларды қоссаңыз, бірінші орында тұрар едік және осы мәселенің бәрін сөз етудің қажеті де болмас еді". 

Айта кетейік, осыған дейін ҚПЛ-дегі қазылар қызметіне байланысты шағымын "Астана" ФК спорттық директоры Игорь Павлюк те айтқан еді. Елордалық клуб ҚПЛ-дің 8 турынан кейін жетінші сатыға жайғасқан. Команда қоржынында - 12 ұпай.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров