Жарнама
Жарнама

«Астананың» бұрынғы бапкері Бауыржан Джолчиев туралы: оның тәбеті жақсы болды, біз жүз берсек, ол шамамен миллион сұрады

Бүгін, 15:20

«Астананың» бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов Бауыржан Джолчиевтің таланты туралы пікірімен бөлісті. 

Бауыржан Джолчиев "Астана" сапында
Жарнама
Жарнама

Болгариялық бапкер жартылай қорғаушының мансабы жайлы ойын ортаға салып, Джолчиевке басты кедергі болған мәселеге тоқталды.

«Мен келген кезде Бауыржан жақсы ойнап жүрді. Керемет десем де болады. Чемпион атанды, Еуропа лигасында ойнады. АПОЭЛ қақпасына гол соқты. Жауапты ойында ассист жасады. Үздік ойыншы еді.

Содан кейін төңіргендегі адамдар мен агенттер оны «көп ақша табатын мүмкіндігің бар және мұны жасайтын сәт келіп жетті» деп арбаған. «Астана» басшылығы оған бірнеше рет ұсыныс жасады. Аз ақша ұсынды деп ойламаймын. Бірақ оның тәбеті жақсы болды. Біз жүз берсек, ол шамамен миллион сұрады», - деді С. Стоилов «Zidan4eg LIVE» арнасына берген сұхбатында.

Бауыржан Джолчиевпен жұмыс істеген болгариялық бапкер футболшының ерекше талантына тоқталды. Айтуынша, қазақстандық футболшы басқа жағдайда Еуропалық деңгейдегі жұлдызға айналатын еді. Тек белгілі себептер мен айналасындағы адамдардың кесірі тимегенде.

«Бір-екі жылдан кейін оны қайтадан командаға шақырып, Дубайға оқу-жаттығу жиынына алып бардық. Бірақ ол кезде физикасы нашарлап, деңгейін жоғалтып алған екен.

«Астана» оған 100 пайыз келісімшарт ұсынды. Мен де, Гриша да [Григорий Бабаян], клуб басшысы да оны өзіміздің баламыз сияқты көретін едік. Барынша көмектестік. Бұл Қазақстан футболы үшін өте өкінішті жағдай болды. Мүмкін Еуропадағы үздік ойыншылардың бірі болар ма еді?» - деп ойын түйіндеді «Астананың» бұрынғы бас бапкері. 

Б. Джолчиев мансабын 25 жасында аяқтады. Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысына Грекия, Португалия, Норвегия және тағы басқа еуропалық клубтардың қызығушылық болғанымен, ақыр соңында шамадан тыс көп жалақы сұраған футболшы қазақстандық танытқаны белгілі. Алайда, шабуылдаушы жартылай қорғаушы ақыр соңында кәсіби мансабын ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров