Жарнама
Жарнама

«Астананың» бұрынғы бас бапкері Нанидың трансферіне күмәнді: «Ақтөбеде» Нани емес, мен ойнасам да стадион лық толады

Бүгін, 12:43

«Астананың» бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов «Ақтөбенің» ұсынысы жайлы шындықты айтты.

Луиш Нани "Ақтөбе" сапында
Жарнама
Жарнама

Естеріңізде болса, осыған дейін біраз БАҚ-та болгариялық маман мен «ақ-қызылдардың» байланысы жайлы айтылған. «Ақтөбе» басшылығы С. Стоиловқа тізгінді ұстату үшін қадамдар жасады деген ақпараттар тарады.

 «Артық-кем қауесеттерге сене берудің қажеті жоқ. Мен үшін Қазақстанға оралып, өзге клубтарда жұмыс істеу қиын болар еді. Егер бір күні келетін болсам, «Астананы» көру үшін, футбол көру үшін ғана келемін. Ол жақта қайтадан жұмыс істейтін ойым жоқ. Ел ішіндегі ұзақ сапарлар адамды шаршатады. Қазақстан үшін қолымнан келгеннің бәрін бердім. Үлкен ақша да мені қызықтырмайды. Қазір өз өміріме жетерлік қаражатым бар. Мен 20 жыл футболшы болдым және 20 жылдан астам уақыт бапкер қызметін атқарып келемін. Дегенмен, Қазақстанда тек «Астана» клубы менің жүрегімде сақталып қалды. Мен ол жаққа тек футбол көруге, қаланы тамашалауға барар едім. Ешқашан деген сөзді мүлдем айтуға болмайды дейді ғой. Бірақ Қазақстанда басқа клубтар маған онша қызық болмайтын сияқты», - деді болгариялық бапкер.

Станимир Стоилов сондай-ақ, «Ақтөбе» жобасы жайлы не ойлайтынын айтып, сәттілік тіледі. Нани туралы да пікірін айтып, португалиялық ардагердің трансферіне күмәні барын да меңзеді.

«Ақтөбе» – керемет жанкүйерлері бар топ-клуб. Құрамы да жақсы жасақталған. Жаңа инвестор келген екен. Қазір ол жақта менің жерлесім Николай Костов жұмыс істеуде. Оған сәттілік тілеймін. Жаңа инвесторлар қойған мақсат-межеге жетеді деп ойлаймын.

Нани командаға пайдасын тигізсе, керемет болар еді. Ал маркетинг жағына келсек, «Ақтөбеде» Нани емес, мен ойнасам да стадион лық толады. Бұл клуб басшылығының шешімі, мен ештеңе деп айта алмаймын. Бұл трансфердің сәтті немесе сәтсіз болғанын алаң көрсетеді. Қазір мұны дөп басып айтуға ерте», – деді С. Стоилов «Zidan4eg LIVE» арнасына берген сұхбатында.

Станимир Стоилов қазіргі күні Түркия Суперлигасының «Гезтепе» клубын жаттықтыруда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров