«Астананың» қорғаушысы Антонио Рукавина мен Педро Эуженио «Каспийге» қарсы ойынға қатыспайды. Бұл жайлы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Рукавина ойын алдындағы жаттығуда тобығынан аздаған жарақат алған, ал Педро бұлшықет жарақатына байланысты ойнай алмайды.
Ал «Каспий» клубының жартылай қорғаушысы Шафик Тигруджа «Қайратқа» қарсы ойында (2:4) ескерту алған еді, бұл оның Қазақстан кубогіндегі екінші сары қағазы болды. Сондықтан ол «Астанаға» қарсы болатын матчқа қатысу құқығынан айырылды.
Біздің серіктес: FONBET