Жарнама
Жарнама

“Астананың” экс-бапкері “Ақтөбе” тізгінін ұстауы мүмкін

26.11.2023, 18:44
Жарнама
Жарнама


Қазіргі сәтте “Черноморец” ұжымын баптап жүрген Роман Григорчук “Ақтөбе” командасының ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Бұл жайында бірінші болып инсайдер Қазбек Тайланов хабарлады. 

“Черноморец” ұжымын Роман 2021 жылдан бері жаттықтырып келеді. Қазіргі сәтте одессалық команда ішкі біріншілікте 8 орында тұрақтаған. 

Еске салайық, Григорчук 2018 жылдан 2019 жылға дейін “Астана” ұжымында бапкер болып қызмет атқарды.

Елордалық ұжым оның тізгінінде екі рет ел чемпионы атанып, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров