Жарнама
Жарнама

“Астананың” экс-ойыншысы “Пафос” клубымен бірге Кипр кубогының жеңімпазы атанды

“Пафос” ФК өз тарихындағы алғашқы жүлдесін жеңді.

Жарнама
Жарнама

Кешегі өткен Кипр кубогының финалында “Пафос” “Омониядан” 3:0 есебімен басым түсті. Алаң қонақтары ретінде саналған клуб сапынан Танкович, Драгомир және Пепе гол соқты. Айта кетейік, чемпион атанған “Пафоста” қазақстандық жанкүйерлерге танымал Патрик Твумаси өнер көрсетеді. Бірақ ганалық кешегі шешуші ойында алаңға шықпады.

30 жастағы вингер өз командасының Кипр кубогындегі НЕА “Саламиске” қарсы ширек финалдық кездесуінің бірінде ғана өнер көрсетті. Қалған матчтарды футболшы қосалқы құрамнан тамашалады. Патриктің ішкі чемпионаттағы жағдайы жақсы. Ол “Пафостың” 18 ойынына қатысып, 3 гол мен 4 голдық пас берді. 

Айта кетейік, 2014 жылы құрылған команда үшін Кипр кубогы алғашқы қоржындағы жүлде саналып отыр.

Твумаси өз кезінде “Астана” ФК өнер көрсеткен танымал футболшы. Ол Станимир Стоилов баптаған елордалық ұжымның негізгі жұлдызды ойыншыларының біріне айналған болатын. Бұған дәлел ганалық “Астана” сапында 171 ойында өткізді. Сонда 69 гол мен 32 голдық пас берді. Қазақстандық клубта жүріп Патрик алғаш рет Гана құрамасына 2017 жылы шақырту алды.  

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: