Жарнама
Жарнама

«Астананың» экс-жаттықтырушысы баптайтын команда Кабанангамен келісімшарт жасасты

29.09.2020, 14:09
Григорчук бұл шабуылшыны қалай ойнату керектігін білетін секілді.
Жарнама
Жарнама

"Астананың" 31 жастағы экс-шабуылшысы Джуниор Кабананга "Шахтер Солигорск" клубымен келісімшартқа отырды.

Кабананганың соңғы командасы 2019 жылдың шілдесінен бастап ойнаған "Катар СК" болды. Джуниор бұл командада 5 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап "Шахтер-Солигорск" клубын Роман Григорчук жаттықтырып келе жатыр, ол сонымен қатар 2018 жылдан 2020 жылға дейін қазақстандық клубта жұмыс істеген.

Естеріңізге сала кетейік, Джуниор Кабананга "Астана" сапында 2015 жылдан 2019 жылға дейін ойнаған. Ол "Астана" сапында 128 матч өткізіп, 42 гол соқты және 13 нәтижелі пас берді. Сонымен бірге, Конголық шабуылшы елордалық клуб тарихында ең көп гол соққан үшінші ойыншы болып табылады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров