“Астана” мен “Бранн” арасындағы Конференция Лигасының қарымта ойынын македониялық төрешілер бригадасы басқарады, деп жазады Kazfootballkz.
Еске салайық, “Бранн” командасы Берген стадионында өткен Конференция Лигасының плей-офф сатысындағы алғашқы кездесуінде “Астананы” 2:0 есебімен жеңген болатын. Матч барысынды Феликс Мюре мен Бард Финне ерекшеленді.
Бас төреші: Александар Ставрев;
Төреші көмекшілері: Деян Костадинов, Гоце Петрески;
Төртінші төреші: Игорь Стойчевски (барлығы – Македония);
VAR: Асмир Момчило Маркович;
VAR көмекшісі: Александар Живкович (барлығы – Сербия).
Айта кетейік, елорда ұжымының “Браннға” қарсы қарымта ойыны 29 тамызда сағат 19:00-де Алматыда өтеді.
Біздің серіктес: FONBET