“Астана” командасының “Бранн” ұжымына қарсы сырт алаңдағы ойынын словениялық төрешілер бригадасы басқарады.
Аталған ойын келер аптаның бейсенбі күні, 22 тамыз күні Норвегияда өтеді.
Бас бапкер: Давид Смайц
Төреші көмекшілері: Александар Касапович және Давид Габровец
Төртінші төреші: Александр Маткович
VAR жауаптылар: Асмир Сагркович, Ален Борошак
Давид соңғы рет ПАОК пен “Борац Баня Лука” арасындағы Чемпиондар Лигасының кездесуінде қызмет жасады. Смайц 3 сары қағаз көрсеткен кездесу гректердің пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, “Астана” - “Бранн” қос матчынан тұратын текетіресте жеңімпаз атанған ұжым Конференция Лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.
Біздің серіктес: FONBET