Жарнама
Жарнама

“Астананың” хорватиялық легионері мерейтолы матчын өткізді

Қаптал қорғаушысы Карло Бартолецтің “Қайсарға” қарсы кездесуі маңызға ие болды (5:1).

Жарнама
Жарнама

2024 жылдың жаз айында Бабаян командасы құрамын толықтырған Карло Бартолец  “Қайсарға” қарсы ішкі чемпионаттың 19-турына қатысып, “Астана” жейдесіндегі 50 ойынын өткізді. 

Еске салсақ, еурокубок үшін кейінге қалдырылған кездесу 5:1 есебімен алаң иелері пайдасына шешілді. Матч барысында астаналықтар ұжымынан Марочкин, Эбонг, Грипши, Томасов, Камара ерекшеленді. 

Қазақстандық клуб сапында өткізген уақытта ол өз мансабындағы алғашқы трофейін жеңді. Дәлірек айтқанда, қаптал қорғаушысы тұңғыш рет еліміздің Лига Кубогынде топ жарды.

Бұған дейін, “Академия Пушкаш”, “Копенгаген”, “Локомотив”, “Осиек” және “Норшелланн” сыңды командаларда өнер көрсеткенімен, 30 жастағы қорғаушы атап айтарлықтай жетістікке жетпеді.  

Айта кетейік, хорватиялық легионер осы маусымда Астана сапында барлық турнирлерде 24 матч өткізді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: