Жарнама
Жарнама

“Астананың” Конференция Лигасындағы қарсыласы 19 жастағы ойыншымен жаңа келісімге келді

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы  Маркус Хааланд “Бранн” командасындағы келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартты.

Жарнама
Жарнама

Маркус кәсіби мансабын “Бранның” 2 командасында бастаған. Одан кейін ол Эйрик Хорнехалдтың шақыртуымен бастапқы ұжымға шақырту алды. Содан бері Хааланд 2 матч өткізіп, 1 голдық көрсеткішімен көзге түсті. 

Трансфермаркет жас футболшыны 75 мың еуроға бағалайды.

Еске салсақ, норвегиялық “Бранн” клубы елордалық “Астананың” Конференция Лигасындағы қарсыласы. Аталған ұжымдар еурокубок турнирінің плей-офф сатысының алғашқы кездесуін өткізіп үлгерген болатын. 22 тамызда “Берген” стадионында өткен матчта алаң иелерінің асығы алшысынан түскен еді (2:0). Енді 30 тамыз күні “Астана” Алматы жерінде норвегиялық клубтан қалайда болсын басым түсудің жолын қарастырады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: