“Астананың” Конференция Лигасындағы қарсыласының бапкері ауысты

Сербиялық “Бачка Топола” командасы команданың бапкеріне Йован Демьяновичті тағайындады, деп жазады Kazfootballkz.

Йован Демьянович бапкерлік қызметте хорват Деян Клафуричті алмастырды. Аты аталған маман команданың соңғы нәтижелеріне байланысты орнын өз еркімен босатты. “Бачка” соңғы өткізген 5 ойында 1 рет жеңіп, 1 тең ойнап, қалған 3 кездесуде жеңіліс тапты.

Айта кетейік, “ТСЦ Бачка Топола” “Астананың” Конференция Лигасының негізгі  кезеңдегі қарсыласы. Қос ұжым 3 қазан күні бір-бірімен кездеседі. 

Сербия чемпионатының 30-турынан кейін “Бачка” ұжымы турнирлік кестенің түбінде келеді. 

Материалда: