Жарнама
Жарнама

“Астананың” қос ойыншысы командамен әлі де келісім шарт жасаспаған

Маусым алдында елорда ұжымына қосылған Әлібек Қасым мен Дінмұхамед Қараманнан еркін агент статусы алынбады.

Жарнама
Жарнама

Трансфермаркт порталында орталық қорғаушы мен жартылай қорғаушы клубсыз жүр деген мәлімет көрсетілген. Алайда Қасым мен Қараман “Астана” командасымен ОЖЖ қатысып келді. Бірақта чемпионат басталар алдында неліктен аталған футболшылардың келісім шартсыз отырғандығы белгісіз. Осының кесірінен Әлібее Қасым мен Дінмұхамед Қараман "Астана" сапында алғашқы ойындарын өткізу құқығынан айырылады. 

Қазірде еліміздің талай жылдар бойы флагманы саналған “Астана” өз тарихында қиын кезеңдердің бірін өткізуде. Елорда ұжымын осы уақытқа дейін қаржыландырып келген “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры серіктестікті бұзды. Содан бері “Астана” өзіңе инвестор іздеп әлек.

Айта кетейік, Григорий Бабаян командасы бүгін “Астана Аренада” “Қайрат” Нұрдәулетовтың “Жетісуын” қабылдайды. Матч елорда уақытымен сағат 18:00-де өтеді деп жоспарланған. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: