Кейбір шетелдік клубтар «Астана» мен Армения ұлттық құрамасының футболшысы Тигран Барсегянға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Дереккөздің хабарлауынша, «Слован Братислава» клубынан басқа, РПЛ мен екінші Бундеслиганың клубы ойыншыға қызығушылық танытуда.
Футболшының қыркүйек айында Армения құрамасы сапында өткізетін ойынына көп нәрсе байланысты болмақ.
27 жастағы Барсегян былтырдан бері «Астана» сапында ойнауда, бұған дейін ол Қазақстан чемпионатында «Қайсардың» намысын қорғаған еді. Ол Премьер-лиганың ағымдағы маусымында 18 матч өткізіп, бес гол соқты, алты нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET