Нигериялық шабуылшы Ннамди Аханону «Астана» қатарындағы бірінші жаттығуын өткізді.
Өткен маусымды Албания біріншілігінде өткізген футболшымен келісімшарттың 3 жылға жасалғандығы мәлім. Нигериялық шабуылшы «Скендербеу» сапында Албания чемпионатында үздіктердің қатарынан көрінген. Сондай-ақ, Ннамди Аханону Албанияның «Турбина», нигерияның «Апекс Крейн» және «Окагбуе» сияқты клубтардың намысын қорғады. Естеріңізге сала кетейік, «Астана» ҚПЛ-дің 4 турынан кейін 6 ұпай жинаған. Елордалық клуб турнирлік кестеде жетінші сатыда келеді. Биылғы біріншілікте әзірше көш басында 8 ұпаймен Алматының «Қайраты» тұр.
Біздің серіктес: FONBET