Жарнама
Жарнама

"Астананың" өз алаңындағы ойындарына қанша жанкүйер келді?

14.12.2019, 21:35
Жарнама
Жарнама

Өткен маусымда іріктеу кезеңдерімен қоса алғанда "Астана" өз алаңындағы еурокубок бәсекелерінде 7 ойын өткізді. Жалпы алғанда осы матчтарды көру үшін 138 436 жанкүйер келген. Яғни, орта есеппен алғанда әр ойында 19 777 адам. Ал ең жоғары көрсеткіш "Манчестер Юнайтедпен" болған кездесуде тіркелді (28 945 жанкүйер).

Ал ҚПЛ аясындағы 17 матчқа 63 700 жанкүйер келіпті. Орта есеппен - 3747 адам. Ішкі біріншіліктегі ең көп жанкүйер "Қайратпен" болған шешуші ойынға жиналған (16 200 жанкүйер).

Еуробәсекедегі кесте:
"Астана" - ЧФР Клуж - 18 587 жанкүйер;
"Астана" - "Санта-Колома" - 16 103 жанкүйер; 
"Астана" - "Валетта" - 18 707 жанкүйер;
"Астана" - БАТЭ - 24 369 жанкүйер;

Еуропа лигасы. L тобы. Топтық кезең:
"Астана" - "Партизан" - 20 137 жанкүйер;
"Астана" - "АЗ Алкмар" - 11 584 жанкүйер;
"Астана"- "Манчестер Юнайтед" - 28 945 жанкүйер:

Естеріңізге сала кетейік, "Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңінде 3 ұпаймен соңғы орын алған болатын.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров