«Астананың» жартылай қорғаушысы Валерий Чуперка келесі маусымда елордалық команда сапында өнер көрсетпейді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
«Астана» басшылығы ойыншыларға халықаралық үзіліс кезінде демалыс берген еді. Бірақ 29 жастағы футболшы қысқа демалыстан кейін клубқа оралған жоқ.
Чуперканың «Астанада» қалғысы келмейді және оның мансабын басқа клубтарда жалғастыру мүмкіндігі бар.
Бұған дейін Молдова құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы ресейлік «Краснодар», «Спартак» (Нальчик), «Томь», «Балтика», «Анжи» және «Ростов» командаларында өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: FONBET