"Астана" Чемпиондар лигасының алғашқы кезеңі аясында "ЧФР"-мен болатын жауапты матчқа аттанатын футболшылар тізімін жариялады. Айта кетейік, түздегі ойын 17-нен 18-не ауған түні Клуж-Напока қаласында өтеді.
Жауапты ойынға баратын футболшылар:
Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов,
Қорғаушылар: Антонио Рукавина, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович, Марин Аничич, Юрий Логвиненко, Евгений Постников,
Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух, Дорин Ротариу, Марин Томасов, Серікжан Мужиков, Иван Маевский, Дидар Жалмұқан, Рунар Сигурьонссон,
Шабуылшылар: Роман Мұртазаев, Рангело Янга, Сергей Хижниченко, Фирмин Мубеле.
Естеріңізге сала кетейік, екі команда арасындағы алғашқы ойын 9 шілде күні "Астана-Аренада" өтіп, алаң иелерінің 1:0 жеңісімен аяқталған-ды.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET