Жарнама
Жарнама

“Астананың” үш ойыншысы өз елдерінің ұлттық құрамаларына шақырту алды

Усман Камара, Макс Эбонг пен Кипрас Казуколовас өз елінің ұлттық құрамасында өнер көрсету үшін елордалық командадан уақытша кетті, деп жазады Аладоп.кз.

Жарнама
Жарнама

Усман Камара Гвинея құрамасының қосынына қосылды. Ол ел командасының алдағы уақыттағы Вануату мен Бермуд аралдарының кездесуінде өнер көрсетпек.

Кипрас Казуколовас Литва құрамасы сапында Гибралтарға қарсы Ұлттар Лигасының плей-офф матчын өткізбек. 

Ал Макс Эбонг өнер көрсететін Беларус құрамасы болса, Черногория мен Мальта командаларына қарсы жолдастық кездесу өткіземіз деп дайындығын пысықтап жатыр.

Макс Эбонг пен Усман Камара "Астана" командасының жаңа маусымда өткізген қос ойынында да алаңға шығып, команданың жеңіске жетуіне үлкен үлес қосты. Ал Кипрас Казуколовас болса, “Жетісуға” қарсы ойынның соңғы минуттарында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Ол аталған кездесудің соңында Эльхан Астановты алмастырды.

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: